ДСМ шетелден ПТР-анықтамасыз келген туристерді елге кіргізбеу туралы ұсынысқа жауап берді
Шетелден келген демалушылардың 80%-ынан коронавирус инфекциясы анықталып отыр
Елге қайтатын туристер ПТР-тесті болмаса, ұшаққа отырғызылмауы керек. Қазақстан туроператорлары әуе компанияларына осындай ұсыныс жасады. Егер ол қабылданса, қай турист қай елге барса, сол жерден қайтар кезде (72 сағат ішінде жарамды болатындай) ПТР-тестін тапсыруға тиіс.
Туроператорлардың бұл ұсынысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді.
«Қазақстанда міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл шешім туристік операторлармен, «Атамекен» ҰКП-мен, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен талқылау қорытындысы бойынша қабылданды», - делінген ведомство жауабында.
Бүгінде шетелден келгендердің 80%-ы ПТР-анықтамасыз оралады. Олардың 41%-ы Египеттен, 27%-ы Мальдивтен, 16%-ы БАӘ-ден және 8,3%-ы Түркиядан келген.
Айта кетейік, шетелден келген демалушылардың 80%-ынан коронавирус инфекциясы анықталып отыр, оның ішінде: Египеттен – 96 адам, Түркиядан - 50, БАӘ - ден-51.