ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2549 адамнан коронавирус анықталды

«Qazaqstannyń astanasy – Nur-Sultan» коллекциялық монетасы шығарылады

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды

сурет: nationalbank.kz

Ұлттық банк алтын компоненті бар күмістен жасалған номиналы 1000 теңгелік «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы бойынша «QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» коллекциялық монеталар шығарады.

Монеталардың сатылымға шығатын уақыты жайлы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.

Номиналы 1 000 теңгелік, жалпы массасы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, «proof» дайындау сапасымен, диаметрі 50 мм монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалған.

«Монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстанның бүкіл аумағында қабылдануға, сондай-ақ ҚР барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Монеталар кәдесый орамында шығарылады және мемлекеттік тілде, орыс, ағылшын тілдерінде ҚР Ұлттық банкінің нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.