$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.03.2021, 14:29
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда өз бетімен, заңсыз салынған кеңсесі бар дүкен бұзылды

Бұзылған ғимарат Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабында орналасқан

Нұр-Сұлтанда өз бетімен, заңсыз салынған кеңсесі бар дүкен бұзылды

Нұр-Сұлтанда өз бетімен, заңсыз салынған кеңсесі бар дүкен бұзылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бұзу жұмысы Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының шешіміне сәйкес жүргізілді. Өз бетімен, заңсыз салынған дүкен мен кеңсе Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабында орналасқан. 
Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің мүліктік емес сипаттағы талаптарды орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының шешіміне сәйкес өз бетімен салынған құрылысты бұзуды жүзеге асырды. Бұзылатын кеңсесі бар дүкен 0,3589 га жер учаскесінде орналасқан.

Сот орындаушысы борышкерге атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы хабарламаны табыс етті.

Орындау барысында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 106 бабына сәйкес, борышкердің мүлкін бұзуды орындау барысында екі куәгер, ішкі істер органдарының қызметкері және өндіріп алушының өкілі қатысты және керекті техникамен құзырлы органдардың қатысуымен откізіліп видеожазба жасалынды.

Серіктес жаңалықтары