Қоғамдық орында маскасыз жүрген Өскемен әкімі айыппұл төледі
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да айыппұл төледі
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова карантин режимін бұзғаны үшін айыппұл төледі. Бұл туралы қала әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов мәлімдеді.
«Қала басшысының (Жақсылық Омар – ред.) қоғамдық орында маскасыз жүруіне қатысты оқиға қолданыстағы заңнама аясында шешілді. Өткен аптада заңбұзушылық туралы тиісті хаттама жасалғаннан кейін қала әкімі белгіленген айыппұлды төледі», - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ қала басшысы Жақсылық Омармен бірге жарысты тамашалаған Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл төледі.
Еске сала кетейік, өткен аптада мәнерлеп сырғанаудан Өскемен қаласында өткен қалалық мектептің фестивалі кезінде түсірілген фотосурет әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің сынына ұшырады. фотосуретте «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС директоры Михаил Чайка, қоғам белсендісі Елена Березинская-Абилова және Жақсылық Омар көрермен ретінде отыр.