$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.03.2021, 17:22
Жаңалықтар

QazCovid-In вакцинасының алғашқы партиясы қашан қолданысқа енеді?

Вакцинаны клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі желтоқсан айының соңында басталған

QazCovid-In вакцинасының алғашқы партиясы қашан қолданысқа енеді?
Фото: ашық дереккөзден

КВИ-ге қарсы отандық QazCovid-In вакцинасының алғашқы партиясын шығару мерзімі жарияланды. Бұл туралы толығырақ Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.  

«QazCovid-In бойынша, өздеріңіз білетіндей, ҚР БҒМ ведомствосының құрылымы - Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеумен айналысады. Олардың мәліметтері бойынша бүгінгі күні жоспарлы түрде жүріп жатыр», - деді Нұрлыбек Асылбеков.

Ол клиникалық зерттеулердің 1-2 кезеңі аяқталғанын және 2020 жылдың желтоқсан айының соңында үшінші кезең басталғанын еске салды.

«Сондықтан бәрі жүйелі түрде жүріп жатыр. Сәуір айының соңында вакцина болады деп күтілуде. Алғашқы көлем 50 мыңға дейінгі доза, одан әрі көлемді өседі. Сондай-ақ, технология трансферттерін бере отырып, бұдан да үлкен көлемде шығаруға мүмкіндік бар. Сондықтан сәуір айының соңына қарай алғашқы өнеркәсіптік партия шығарылады деп күтілуде», - деді Асылбеков.

Еске салайық, «22 ақпаннан бастап Қазақстанда «Спутник V» вакцинасын салдырудың екінші компоненті басталды. Оның тағы 150 мың дозасы наурыз айының соңына қарай жеткізіледі деп күтілуде.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары