$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.03.2021, 02:29
Жаңалықтар

Түркістан облысында тоғыз ПТР зертхана жұмыс істеп тұр

Түркістан облысы тұрақты түрде «жасыл аймақ» қатарында келеді

Түркістан облысында тоғыз ПТР зертхана жұмыс істеп тұр
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары өңірдің эпидемиологиялық ахуалына күнделікті мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Жыл басынан бері облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Сонымен, қаңтар, ақпан айларында індетті жұқтыру деңгейі 58% төмендеген. Наурыз айының бірінші жартысында да тұрақтылық байқалып отыр. 1 қаңтар мен 14 наурыз аралығында өңірде 4 352 адам індет жұқтырса, соңғы тәулікте - 8 жаңа КВИ жағдайы тіркелген.

Түркістан облысында 9 полимеразды тізбекті реакция (ПТР) зертханасы жұмыс жасайды. Пандемия басталғаннан бері 531 855 адам тексеруден өткен. Сонымен қатар, облыста пневмонияға шалдығушылар саны да 25% азайып отыр.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Түркістан облысы тұрақты түрде «жасыл аймақ» қатарында келеді.

Серіктес жаңалықтары