$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.03.2021, 00:51
Жаңалықтар

Астанада түнгі уақытта 300-ге жуық адам жиналған кафе-бар анықталды

Қалада мониторинг топтарының жұмысы күшейтілген

Астанада түнгі уақытта 300-ге жуық адам жиналған кафе-бар анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Астанада түнде 300-ге жуық адам жиналған кафе-бар анықталды

Карантин бұзылғанын анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мониторинг топтары елордада күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

14 наурыз түнгі сағат 02.00-де белгіленген жұмыс режимін бұзған елордалық барлардың бірінде бір уақытта 300-ге жуық адам сауық құрды. Елорданың сол жағалауында орналасқан «Bla Bla Bar» карантиндік шектеулерге қарамастан, түн ортасынан кейін де жұмыс істеді. Оқиға орнына келген мониторинг тобы мекемеде 300-ге жуық адамның болғанын анықтады. Келушілер әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтамады. Материал ҚР ӘҚБтК 425-бабына сәйкес әкімшілік шара қабылдау үшін Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.

Сондай-ақ, Есіл ауданында жұмыс режимін бұзған «Zima» барының басшылығы да жауапқа тартылды. Алматы ауданында өткен тәулікте мониторингтік топ карантиндік шектеулерді бұзған 3 мекемені - «Достар» компьютерлік клубын, «Мэнсон» және «Жаным сол» караоке-клубтарын анықтады.

Сарыарқа ауданында «Тамшы» саунасы елорданың бас санитарлық дәрігерінің шектеу шаралары туралы қаулысын бұза отырып, 00:00-ден кейін жұмысын жалғастырды. Карантинді сақтамағаны үшін «Қазығұрт» кафесі де, Байқоңыр ауданындағы «Mezzo караоке» залы да жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймаққа» енді. Мониторинг топтарының жұмысы күшейтілген.

Серіктес жаңалықтары