$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.03.2021, 17:37
Жаңалықтар

Молодежный кентінің әкімі дұрыс бақылау жүргізбегені үшін қызметінен босатылды

Қызметтегі немқұрайлығы үшін 59 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Молодежный кентінің әкімі дұрыс бақылау жүргізбегені үшін қызметінен босатылды
көрнекі сурет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Данияр Бигайдаров әртүрлі деңгейдегі 59 басшының бақылаудың жоқтығы және өзіне бағыныштылардың заң бұзуына жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтты: 30 басшыға сөгіс берсілсе, 10 басшы қатаң сөгіс алды, 7 басшыға қызметке толық сай еместігі туралы ескертіліп, 6 басшы ескерту алып, 3-уі жұмыстан шығарылып, 2-інің лауазымы төмендетілді, бірі қызметінен босатылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша Қарағанды облысы Молодежный кентінде балаларға арналған спорт алаңдарын орнату кезінде абайсызда ауыр зардапқа әкелген жағдай үшін (залал сомасы – 3,3 млн теңге) Осакаров ауданы әкімінің өкімімен Молодежный кентінің әкімі А.А.Садиков атқарып отырған қызметінен босатылды.

Серіктес жаңалықтары