Ақтауда мас жүргізушіні пара беруге итермелеген полиция инспекторы бас бостандығынан айырылды
Меркіде әкімшілік қызметкері 10 мың теңге пара алғаны үшін 250 мың теңге айыппұл төлемек
1 ақпанда Ақтау қалалық сотының шешімімен қалалық ПБ патрульдік полиция инспекторы, полиция лейтенанты А.Мұратов 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол 2020 жылдың 18 қарашасында мас күйінде автокөлік жүргізген жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне 250 мың теңге сомасында пара беруге итермелеген.
17 ақпанда Меркі аудандық сотының шешімімен 2020 жылдың 27 қарашасында кәмелет жасқа толмаған 2 баланы балалар үйінен шығаруға оң шешім қабылдау үшін «К» есімді азаматтан 10 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін «Меркі ауданының білім бөлімі» КММ бас маманы Д.К. Үсенқұлов кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 250 мың теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.