ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

СҚО-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жаңа басшы тағайындалды

Бұл лауазымға Жарқын Ғалымов тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысының активіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысы таныстырылды. Бұл лауазымға Жарқын Ғалымов тағайындалды.  

Таныстыруды өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өткен кездесуде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы Қуаныш Жапақов жасады.

Жарқын Ғалымов 1978 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген.

Ол 2000 жылы ҚР ІІМ академиясын, 2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, 2007 жылы Б. Байсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Ақмола облысы ІІБ ҚАЖБ ЕЦ-166/10 мекемесінің тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы лауазымынан бастаған.

2001 жылдан 2012 жылға дейін ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Астана қаласы Сары-Арқа ауданы ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, Астана қаласы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бөлімінің бастығы, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі болып жұмыс істеген.

2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің орталық аппаратында қызмет атқарған.

2014 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында еңбек етіп келеді.

Әр жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Ақтөбе облысы және СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары (тергеу жұмысы бойынша) қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2 департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО