$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.03.2021, 23:26
Жаңалықтар

Шетелдегі қазақстандықтарға арналған Telegram-бот іске қосылды

«Консул-Көмек» боты мемлекеттік қызметтерге қатысты ақпарат береді

Шетелдегі қазақстандықтарға арналған Telegram-бот іске қосылды

Шет мемлекеттердегі азаматтарымыздың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің «Консул-Көмек» Telegram-боты әзірленіп, іске қосылды,деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Telegram-боттың негізгі мақсаты – шет елдердегі елшіліктеріміз бен консулдық мекемелеріміздің мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпаратты тиімді форматта ұсыну және түсіндіру.

«Мысалы, егер азаматымыз Қазақстан Республикасының шет елдегі өкілдігі арқылы баланың туу туралы куәлігін қалай алуды, некені тіркеуді немесе паспорт ресімдеудің тәртібін білмесе, онда осы бот арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі  мен мерзімдері жөнінде тиісті ақпаратты алуына болады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бот қызметтерді алу үшін Қазақстанның шет елдердегі өкілдіктеріне баруға алдын ала тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Ол үшін ең жақын консулдық мекеме орналасқан мемлекет пен қаланы таңдап, байланыс мәліметтерін жазып алып, күні мен уақытын таңдау қажет. Содан кейін, аталған мекеменің консулдық қызметкері азаматымызға хабарлама арқылы бронь немесе өтінімін растайды немесе басқа бос уақытты ұсынады.

Бот консулдардың азаматтармен өзара іс-қимыл жасау сапасын жақсартуға және көрсетілетін қызметтер бойынша олардың хабардар болуына мүмкіндік береді.

Telegram мессенджеріндегі «Консул-Көмек» ботын @konsul_kaz_bot сілтемесі бойынша ашуға болады.

Серіктес жаңалықтары