ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан бір тәулікте 32 қазақстандық қайтыс болды

Күн суытады: Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды

Кей өңірлерде жаяу бұрқасын болып, қатты жел соғады

 

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер ауа райының күрт бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінің тұрғындарына дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

12 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

12 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. 

12 наурызда Қарағанды облысында түнде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

12 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күшеюі 17-22 м/с дейін жетеді. 

12 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, жел күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

12 наурыз күні Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман түсуі ықтимал, түнде батыстан, солтүстік-батыстан тұрған жел 15-20-ға жетіп, екпіні 23-28 м/с дейін барады.

12-13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендейді – 13-15-тен 25-30-ға дейін, кейде 22 градус аяз.

13-14 наурызда Түркістан облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік-батыс жақтан тұрған жел солтүстік, солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде 0-5 градус суықтықты көрсетеді. Желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.