«Манчестер Юнайтедті» жеңгеннен кейін Қазақстан УЕФА рейтингінде бір сатыға жоғарылады

Автор: Azattyq Rýhy

УЕФА клубтарының рейтингі жарияланды

2019-2020 жылдарға арналған УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңнің бесінші турындағы матчтардан кейінгі УЕФА клубтар коэффициенті рейтингі жарияланды. Бұл рейтингте Қазақстан 24 орынға жайғасты.

Айта кетейік, «Астана» футболшылары Еуропа лигасының топтық кезеңінің бесінші турында өз алаңында «Манчестер Юнайтед» командасын қабылдап, 2-1 есебімен жеңіске жеткен еді.

«Астана» командасы топтық кезеңдегі алғашқы жеңісі үшін 570 мың еуро табыс тапты. Сондай-ақ Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін 280 мың еуро, Еуропа лигасының екінші раундында ойнағаны үшін 260 мың еуро, осы турнирдің үшінші раундында ойнағаны үшін 280 мың еуро табыс тапты. Ал, Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алғаны 2,92 млн еуро пайда әкелді. 

УЕФА коэффициенттерінің кестесі:

1. Испания - 93.426 (10.071)

2. Англия - 82.033 (10.142)

3. Германия - 65.355 (9.285)

4. Италия - 63.367 (7.642)

5. Франция - 53.582 (6.000)

6. Португалия - 47.249 (8.100)

7. Ресей - 45.216 (4.333)

8. Бельгия - 36.900 (6.600)

9. Нидерланд - 34.950 (8.600)

10. Украина - 33.300 (4.400)

......

22. Норвегия - 21.500 (3.500)

23. Израиль - 19.625 (2.375)

24. Қазақстан - 19.375 (3.375)

25. Беларусь - 18.875 (2.500)

26. Әзірбайжан - 18.500 (3.125)

27. Болгария - 17.125 (3.875)