ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Олимпиада жүлдегері басшылық қызметке тағайындалды

Әділбек Ниязымбетов – екі дүркін Олимпиада, екі дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Әділбек Ниязымбетов, Рио-2016

Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Қ.Жұмабаевтың бұйрығымен, басқармаға қарасты «Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директор лауазымына Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов тағайындалды.

Әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының (Лондон-2012, Рио-де-Жанейро-2016) күміс жүлдегері, 2011 және 2013 жылы өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы (2014 ж.) мен Азия чемпионы (2015 ж.) Әділбек Ниязымбетов 1989 жылдың мамырында дүниеге келген.

Әділбек Сәбитұлы 2014 - 2018 жылдары Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Маңғыстау бокс клубы» МҚҚҚ-да спортшы-нұсқаушы болды.

2019 - 2020 жылдары - Нұр-Сұлтан қаласындағы Олимпиада орталығында әдіскер болып қызмет атқарды.

2020 жылдан бастап Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ш.Бөлтекұлы атындағы МО жоғары спорт шеберлігі мектебі директорының орынбасары қызметін атқарып келді.