10.03.2021, 10:09
Жаңалықтар
Минскіден келген қазақстандықтан коронавирус анықталды
9 наурызда 274 қазақстандық ПТР-анықтамасыз келген
фото: avianews.com
9 наурызда Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Испания, Германия, Украина, Ресей, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 27 халықаралық әуе рейсімен 3 279 жолаушы келді. Оның ішінде 3 005 адамда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 274 ҚР азаматында тиісті құжат болмаған.
- Алматы әуежайына – 13 рейс (2 126 жолаушы, анықтамамен – 1 862, анықтамасыз – 264);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 7 рейс (583 жолаушы, анықтамамен - 573; анықтамасыз – 10).
- Ақтау әуежайына – 3 рейс (барлық 286 жолаушы, анықтамамен келген);
- Шымкент әуежайына – 3 рейс (барлық 282 жолаушы анықтамамен келген);
- Өскемен әуежайына – 1 рейс (2 жолаушы, екеуі анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Айта кетейік, 8 наурызда шетелден анықтамасыз келген 101 ҚР азаматының бірінен коронавирус анықталды. Ол Нұр-Сұлтан қаласына Минскіден ұшып келген.
Көп оқылған
19.09.2026, 06:38
Алматыда өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, қару көрсетіп жүрген бес жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.09.2026, 07:38
Павлодарда Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды (ВИДЕО)
19.09.2026, 08:55
Сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
19.09.2026, 12:17
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылды
19.09.2026, 14:08
Президентке Астананы абаттандыру жұмыстары туралы баяндалды
Бүгін, 00:28
Қытайда магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды