10.03.2021, 02:55
Жаңалықтар
Қазақстандық 15 жастағы спортшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Анастасия Городко әлемдік сында алғаш рет үздік үштікке енді
Алматыда өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионаты барысында параллельді могулдан әйелдер арасындағы доданың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл сында Қазақстан қоржыны қола жүлдемен толықты. 15 жастағы қазақстандық Анастасия Городко әлемдік сында алғаш рет үздік үштікке енді.
Анастасия Городко кіші финалда канадалық Софья Гэгнонмен жарысып, қарсыласынан оқ бойы озық болды. Алтын жүлдені ресейлік Анастасия Смирнова, күмісті оның отандасы Анастасия Лазаренко иеленген.
Осылайша, Анастасия Городко фристайл-могулдан Қазақстан командасының үшінші медалін жеңіп алды. Кеше Юлия Галышева күміс, Павел Колмаков қола медаль иеленген еді.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды