$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.03.2021, 04:29
Жаңалықтар

Ақтөбе облысында 130-дан астам қару жойылды

Комиссия салыстыру жұмыстарын жүргізген соң қарудың бәрі қайта балқытуға жіберілді

Ақтөбе облысында 130-дан астам қару жойылды

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері пеште 130-дан астам қаруды жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері 89 дана тегіс ұңғылы қаруды пешке салды, оның ішінде 8 кескіш, 37 газ және жарақат салатын тапанша бар.

«Жойылған қару тізімінде 3 мылтық, 1 пышақ және 1 кастет те бар. Барлығы 139 қару мен оның қосалқы бөлшектері жойылды», - делінген хабарламада.

Иелері өз еркімен тапсырған аңшылық мылтықтар мен сот шешімі бойынша жойылуға жататын, қылмыскерлерден алынған қарулардың көзі жойылды.

Қаруды пешке жібермес бұрын комиссия салыстыру жұмыстарын жүргізді, содан кейін ғана мылтық салынған сөмкелер қайта балқытуға жіберілді.

Арнайы құрылған комиссия құрамына Полиция департаментінің және прокуратураның қызметкерлері кірді.

 

Серіктес жаңалықтары