$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.03.2021, 22:27
Жаңалықтар

Ауа райы: Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды

Республиканың бірқатар өңірінде көктайғақ болып, тұман түседі

Ауа райы: Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 наурызда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Шымкент қаласында 10 наурызда кей уақытта найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Түркістан қаласында 10 наурызда таңертең және күндіз найзағай болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел күшейеді.

10 наурызда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с болады. 10 наурызда түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

10 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанайда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз 10 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Көкшетауда 10 наурызда кей уақыттарда тұман, жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады.

10-11 наурызда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с, күндіз 11 наурызда екпіні 23-28 м/с жетеді. Қарағандыда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Жезқазғанда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Петропавлда жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

10-12 наурызда Жамбыл обысында кей жерлерде тұман, күндіз 10 наурызда найзағай, 10-11 наурызда көктайғақ болады. 10-12 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 10 наурызда екпіні 23-28 м/с жетеді. Таразда 10-12 наурызда кей уақытта тұман, күндіз 10 наурызда найзағай, 11 наурызда көктайғақ болады. Күндіз 10 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с жетеді.

10 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с жетеді. Ақтөбеде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары