Павлодар облысында ТМД-ның бес азаматына Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салынды
Анықтамасыз келген 3 қазақстандық карантиндік стационарға орналастырылды

Павлодар облысындағы мемлекеттік шекарадан (автокөлік өткізу пункттері) соңғы тәулікте 234 адам өткен (жаяу жүргінші – 81, жүк көлігінің жүргізушісі – 153). Анықтамасыз келген 3 қазақстандық карантиндік стационарға орналастырылған. Өткен тәулікте автокөлік өткізу пункттерінен өткендердің ешқайсынан коронавирус инфекциясы анықталмаған.
Сондай-ақ теріс нәтижелі көрсетілген ПТР-анықтамасы болмауына байланысты Ресей үш азаматына және Қырғызстанның екі азаматына Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салынды.
Жалпы, шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап облысқа 71 715 адам келді, оның ішінде 46 мыңға жуығы - халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер, 26 мыңға жуығы – жолаушылар.