$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.03.2021, 22:51
Жаңалықтар

Қарағанды облысында заңсыз балық аулап жүргендер ұсталды

Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құрайды

Қарағанды облысында заңсыз балық аулап жүргендер ұсталды

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аумақтық жануарлар әлемі және орман шаруашылығының қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

«2021 жылғы 5 наурызда тәртіп сақшыларына Балқаш көлінің маңында жүрген “УАЗ” автокөлігі күдік тудырған. Полиция қызметкерлері аталған көліктен балық аулауға арналған құралдарды жасырмақ болған екі азаматты ұстады. Заңсыз балық аулаумен айналысқан азаматтардың Балқаш қаласының 41 және 43 жастағы тұрғындары екені белгілі болды. Тексеру барысында полицейлер бірнеше қапқа салынған балықты тәркіледі. Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құрайды», - делінген хабарламада.

7 наурыз күні Қарағанды облысы Балқаш қаласының полицейлері Балқаш көліне жақын маңдағы елдімекендердің маңынан 37 жастағы азаматты ұстап, одан екі қапқа салынған балық тәркіледі.

Заңсыз балық аулау фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Серіктес жаңалықтары