$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.03.2021, 21:20
Жаңалықтар

Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда тұман түсіп, бұрқасын болады

Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 10 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

8 наурызда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерінде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Атырау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында 8 наурызда көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

8 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Тәулік бойы өңірдің кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, күңдіз екпіні 15-20, кей жерлерінде 23 м/с болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, түнде көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ боуы ықтимал. Батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары