Еуроодақ елдері Ресей мен Қытай вакциналарын қолдана алады – еурокомиссар
Чехия мен Венгрия ресейлік препаратты пайдалануға дайын екенін жариялады
Еуроодаққа мүше елдер коронавирусқа қарсы ресейлік немесе қытайлық вакцинаны қолдануына болады. Бұл туралы ЕО-тың ішкі нарық жөніндегі еурокомиссары Тьерри Бретон мәлімдеді.
Брюссельде Еуропа тұрғындарын вакциналау мәселесін жеделдетіп қолға алу қажеттігі талқыланды. Чехия мен Венгрия ресейлік препаратты пайдалануға дайын екенін жариялады.
АҚШ президенті Джо Байден Техас пен Миссисипи штатындағы маска тағу режимін алып тастау ақылға қонбайтын шешім деп сынға алды. Губернаторлареттдың қателігін айтқан Байден вакцинация науқаны жүріп жатса да, сақтық шараларына мән берген жөн деп санайды.
Францияның Ла-Манш бұғазына жақын орналасқан Па-де-Кале аймағында демалыс күндеріне локдаун жарияланды. Әзірге мұндай шектеу шарасының қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Жергілікті билік індет асқынып бара жатқан соң осындай шешім қабылдаған.
«Германияда наурыздың соңына дейін локдаун жалғасады. Ел билігі осындай шектеу шаралары арқылы 16 федералды аумақтың екеуінде вирус жұқтырғандар саны төмендейді деп болжайды. Мұндай тәсілді Берлин бірнеше айдан бері қолға алып келеді», - делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасында.
Дания 65 жастан асқан азаматтарға AstraZeneca вакцинасының қолдану туралы шешім қабылдады. Ел билігі мұндай қадамға баруының басты себебі Шотландияда жүргізілген зерттеулердің оң нәтижесімен байланысты екенін мәлімдеді.
Ұлыбритания билігі елге коронавирустың «бразилиялық» штамын әкелген алтыншы адамды анықтады. Алғашқы бес адамды бірден тапқан. Ал тест қорытындысында індет жұқтырып келгені белгілі болған алтыншы адам дәрігерлерге мекенжайы, жеке басына қатысты мәліметтерді қалдырмай кеткендіктен, біраз әуреге салған.