$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.03.2021, 01:17
Жаңалықтар

Қызылордада жалған ПТР-анықтама сатқандар анықталды

Олар теріс нәтижелі ПТР-анықтаманың әр данасын 7 мың теңгеден сатқан

Қызылордада жалған ПТР-анықтама сатқандар анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Қызылордада екі медициналық мекеменің қызметкерлері ПТР сынамасының теріс нәтижесі бар жалған сертификаттар сатқаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Азаматтарды тиісті тексеруден өткізбей-ақ коронавирустан дін аман екенін дәлелдейтін анықтаманың әр данасын 7 мың теңгеден үлестіріпті. Оны көбіне вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, шетелге саяхаттайтын және Байқоңыр қаласына кіретін азаматтар сатып алып отырған. Жедел іздестіру кезінде ПТР COVID-19 сынамасының жалған сертификаттары жасалған компьютерлік жабдық пен мөр тәркіленген.

«Тергеу барысында бұл екі азаматша қаңтар, ақпан айларында 60-тан астам COVID-19 ПЦР-тесттерін сатқандары анықталып отыр. Азаматшадан алынған 37 мөрлер және одан басқа көптеген анықтамалар, анықтамалардың барлығында дәрігерлердің мөрлері бар, бірақ ешқайсысында адамның аты-жөндері жоқ», – дейді ҚР СЖҚІҚ Агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының орынбасары Сұлтан Пирметов.  

Серіктес жаңалықтары