ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан қайтыс болғандардың саны жарияланды

Нұр-Сұлтанда екі бағыттағы жол жабылды

Жол ауа райының нашарлауына байланысты жабылды

Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының нашарлауына байланысты елордада екі бағыттағы жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«5 наурызда сағат 16:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) республикалық «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1 291-1 426 шақырымында (Нұр-Сұлтан қаласынан Теміртау қаласына дейін) барлық автокөлік түрлері үшін жол жабылды», - деп жазылған хабарламада.

Бүгін сағат 16:10-нан бастап қолайсыз ауа райына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) республикалық «Нұр-Сұлтан қаласы-Қабанбай батыр ауылы-Киевка кенті-Теміртау қаласы» автожолында (16-32 шақырым, Нұр-Сұлтан –Қабанбай батыр ауылы) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.