$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.03.2021, 22:27
Жаңалықтар

Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда қар жауып, жел соғады

Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 7 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

6 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Қызылорда қаласында ертең кей уақытта тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман түседі, бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде түстен кейін найзағай ойнайды. Түнде кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

6 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары