$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.03.2021, 21:52
Жаңалықтар

Алматыда фристайлдан әлем чемпионаты өтеді

Жарыс Канада елінде ақпан айында өтуі тиіс еді

Алматыда фристайлдан әлем чемпионаты өтеді
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда фристайлдан әлем  чемпионаты өтеді. Жарыс Канада елінде ақпан айында өтуі тиіс еді. Алайда коронавирустың жақта кең таралуынан жоспарланған чемпионат тоқтатылды. Енді спортшылар могул мен акробиатика түрлері бойынша Шымбұлақ тау-шаңғы курортында жарысқа түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығының атына әлем кубогының жоспарланған финалдық кезеңдеріне қосымша (13-14 наурыз) Алматыда могул және шаңғы акробатикасынан фристайл бойынша әлем чемпионатын өткізу туралы ұсыныс хат жолдаған. Қазақстан бұл ұсынысты қысқа мерзім ішінде қабылдады. Вирустың өршуіне байланысты  Канада биыл әлемдік біріншілікті қабылдай алмады.

«Қазақстанда әлем чемпионатын өткізу – бұл шын мәнінде тарихи оқиға және FIS-тің біздің елімізді ұйымдастырушы ретінде ұсынғанына қуаныштымыз. Біздің атлеттеріміз, могулшылар да, акробаттар да көптеген жылдар бойы Қазақстанды халықаралық аренада лайықты көрсете отырып, осындай сыйлыққа ие болғаны даусыз. Әлемдік біріншілікті жоғары деңгейде ұйымдастырумен қатар, біздің басты міндетіміз турнир қатысушылары үшін де, қала тұрғындары үшін де қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету. Біз басқа елдердің тәжірибесін зерделейміз, қауіпсіз логистиканы, медициналық қолдау және спортшылардың қозғалысын шектеуді ескереміз. Барлық қауіпсіздік шаралары ең жоғары деңгейде сақталатынына сендіре аламын. Сонымен қатар, әрбір жанкүйер спортшылардың жетістіктерін нақты уақыт режимінде бақылап отыруы үшін жарыстар міндетті түрде Халықаралық және қазақстандық арналарда көрсетілетін болады», – деді  ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығының президенті Диас Сүлейменов.

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты FIS Әлем кубогының кезеңдерін бұған дейін екі рет өткізген. Осы жылы Халықаралық федерацияның күнтізбесінде әлем Кубогының финалдық кезеңін өткізу орны ретінде қайта таңдалды. Қазақстанға әлем чемпионатын өткізу сеніп тапсырылды. 2020/2021 спорт маусымы – бұл спортшылар 2022 жылы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін квота алатын біліктілік кезеңі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық шаңғы қауымдастығы атап өткендей, жақын арада ауқымды дайындық жұмыстары жүргізіледі, өйткені Алматыға әлемдік фристайл көшбасшылары ұшып келеді, ал жарыс күндерінің саны 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылды. FIS баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанның шаңғы спорты қауымдастығы FIS, Infront және басқа да мүдделі тараптармен бірге чемпионат 8-11 наурыз аралығында өтеді.

Могул 8 наурыз,  параллель могул  9 наурыз, шаңғы акробатикасы 10 наурыз және акробатикадағы  командалық жарыс  11 наурызға белгіленген.

«Канада үкіметі коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуына байланысты елге кірудің қатаң тәртібін енгізді. Жаңа ережелерге сәйкес, елге кірушілер COVID-19 жоқтығына тест тапсыруы керек. Шетелден Канадаға келгендердің барлығына әуежайда COVID-19 анықтау тестін тапсыруға, содан кейін қонақ үйде тест нәтижелерін күтуге міндетті. Келушілер тест нәтижесін күткен уақыттағы шығынды өздері көтереді.Канада Мексика мен Кариб теңізімен әуе қатынасын үш айға тоқтатты. Бұған дейін коронавирусқа байланысты мәнерлеп сырғанаудан Канада чемпионаты тоқтатылды. Бұл шешім елдегі коронавируспен ауыратындар санының өсуіне байланысты. Турнир 8-14 ақпан аралығында Ванкуверде өтуі керек еді, бірақ іс-шараға байланысты қауіптер тым жоғары деп саналды. Бүгінгі таңда Канадада коронавируспен ауыратындардың саны 771 мыңнан асты, 19,8 мыңнан астам адам қайтыс болды», - депхабарлады әлем чемпионатын елде өткізудің себебін түсіндірген ұйымдастырушылар.

Серіктес жаңалықтары