04.03.2021, 10:46
Жаңалықтар
Александр Бублик әлемнің жетінші ракеткасын жеңді
Қазақстандық теннисші ширек финалға жолдама үшін әлемнің 56-ракеткасымен кездеседі
Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик Роттердамда (Нидерланды) өтіп жатқан ATP 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің жетінші, осы доданың 3-ракеткасы - германиялық Александр Зверевпен өткізді. А.Бублик 1 сағат 18 минутқа созылған матчта 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші бәсеке барысында 5 эйс, 4 брейк жасай алды.
А.Бублик ширек финалға шығу үшін рейтингте 56-орында тұрған америкалық Томми Полмен кездеседі.
Жалпы жүлде қоры 1 млн 117,9 мың еуроға бағаланған айтулы жарыстың ақтық 7 наурызда өтеді деп жоспарланған.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)