03.12.2019, 16:51
Жаңалықтар
2020 жылдан бастап Ақтау мен Минск арасында тұрақты әуе рейсі ашылады
2 желтоқсанда қазақстандық делегация Беларусьтың авиация билігімен келіссөздер жүргізіп, келер жылдан бастап Ақтау және Минск қалалары арасында тұрақты рейс ашылатын болды
фото: ato.ru
«Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасындағы ұшу жиіліктерінің саны артты, сондай-ақ екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасасу мүмкіндігі берілді», - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында.
Келіссөздер нәтижесінде «Белавиа» әуе компаниясы Минскіден Алматыға қатынайтын рейстер санын аптасына 5-тен 7 дейін көбейтіп, сондай-ақ 2020 жылдың жаз айларын бастап Ақтауға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейс ашылатын болды.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты