$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.12.2019, 18:45
Жаңалықтар

Араша: Қайрат Рейімов Тоқаевтың атына үндеу жолдады

«Алматыметроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы бір айда екінші рет баспасөз мәслихатын өткізуге мәжбүр

Араша: Қайрат Рейімов Тоқаевтың атына үндеу жолдады

Өткен сенбіде тергеу изоляторынан босап шыққан Қайрат Рейімов бүгін тағы да журналистерді жинады. Ол Қазақстандағы ең беделді 50 бизнесменнің тізіміне кіретін Дінмұхаммед Ыдырысовтың өзіне қысымды күшейте түскенін мәлімдеді. Алматыдағы метро құрлысын жүргізіп жатқан кәсіпкерден миллионер бұрынғыдай 80 пайыз емес, одан да көп енші талап еткен.  Енді «ДК-Инвестмент» серіктестігіне «Инженерлік қолдау» құрылыс компаниясы мен  «Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамы акцияларының 100%-ын қайтарып беруі туралы шағым түскен. Бұл туралы Қазақстан баспасөз клубынан Azattyq Rýhy тілшісі хабарлайды.

Текетірестің мақсаты түрмеге отырғызу ма?!

Қайрат Рейімовтің қамауға алынғаны туралы 27 қарашада қорғаушысы Әлімжан Оралбай хабарлады. Екі бірдей қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған азамат сот шешімімен 28 қарашада босатылуы тиіс болатын. Оның қорғаушылары кепіл ретінде 25 млн. теңге қаржы құйған. Алайда Алматы қалалық полиция департаменті компания басшысын дер кезінде босатпаудың амалын жасаған.  

«Жоғарыда аталған деректерге қарамастан, Алматы қаласы Полиция департаменті Прокуратураның қадағалауымен ешбір дәлелсіз және тек Ыдырысовтың куәлігінің негізінде қылмыстық істі тергеп, 27 қарашада Қ. Рейімовті заңсыз қамауға алды. Қамауға алу туралы қаулыны шығарып, оны алғашқыда уақытша ұстау изоляторына, кейін тергеу изоляторына жіберді. Менің клиентім кепілпұл ұсынғанына қарамастан, тергеуші ауырып қалды деген сылтаумен  5 күн бойы заңсыз түрде қамауда ұстады. Біз қазір бұл мәселе бойынша шағым әзірлеп жатырмыз»,- дейді адвокат. 

Тағы бір қорғаушы  Джохар Өтебековтің  айтуынша,  Алматы қаласы Полиция департаменті азаматтық-құқықтық сипаттағы және коммерциялық дау түрінде шешілуі тиіс жағдайды қылмыстық қудалауға ұластырып, сегіз ай бойы тоқтатпай келеді. Қайрат Рейімов 4 желтоқсанда ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың жеке қабылдауына жазылған. «Алматыметроқұрлыс» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы өзіне көрсетіліп отырған қысым туралы министрге өз аузымен жеткізбек.

Рейімовті министр қабылдайды 

«Бірнеше ай бұрын біз ІІМ орынбасарының (Р.Жақыпов- Azattyq Rýhy) қабылдауында болдық. Оның қабылдауында жүздеген адам кезек күтіп тұрғанын көрдім. Олар жергілікті полициядан мәселесін шеше алмаған соң, министрлердіің кабинетін жағалап жүр деген сөз. Бізбен кездесуде вице-министр неге ақшаны бермейсіңдер деп қызығушылық танытты.

Не себепті ол бір бизнес өкілі басқа біреуге ақша қарыз деген сұраққа жауап іздейді. Оның жұмысы істің әділ жүріп жатқанын бақылауын алу емес пе?! Біздің ойымызша, Рейімовті қамауға алуға бүгін де әрекет жасап жатыр. Минитр Тұрғымбаевтың қабылдауына жібермеудің амалын жасап жатқан болар.  Алматыдағы тергеу сотының қаулысын бұзуға әрекет жасалып жатыр. Енді қайтадан қамауға алуы мүмкін деген сақтықпен отырмыз»,- дейді Джохар Өтебеков.

«Алматыметроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жолдады.  

«Менің басымда қалыптасқан жағдай кез-келген азаматтың басында болуы мүмкін. Мен бұл мәселеег қоғамның, президенттің назар аударғанын қалаймын. Себебі біздің елде қылмыстық істі қолдан жасап, жекелеген адамдардың тапсырымен бір жақты  заңды белден басып, бас пайдасына шеше беретіндігіне көз жеткіздім. Менің кінәм дәледенген жоқ. Оған тиісті айғақтарды көрсеттім.

Бірақ тергеуші Қалиев мені полиция департаментіне шақырып алып, қамауға алу туралы қаулымен тансытырып, бірден қамауға алды. Мен шетелге шығып жүрген адаммын. Егер қашып кету ойым болса, отбасыммен бірге сол жақта қалатын едім. Ондай ойым жоқ екенін айтып, тергеуге ылғи келіп жүрмін. Не үшін мені қамауға алғанын түсіндіретін ешкім жоқ»,- дейді Қ.Рейімов.

ҚР ҚК 4-тарауы 2-тармағы 190-бабы бойынша №190000041000093 қылмыстық ісінің қысқаша желісі

«ДК-Инвестмент» ЖШС-ға «Инженерлік қолдау» Құрылыс компаниясы» ЖШС тарапынан  «Алматыметроқұрылыс» АҚ акцияларының 80%-ын қайтарып бермеді деген алаяқтық әрекеттерге байланысты Рейімов Қайратты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 02.05.2019 ж. «ДК-Инвестмент» ЖШС (бизнесмен Ыдырысов Дінмұхаммедке тиесілі)  арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл іс қылмыстық тәртіпте қарастырылмауы тиіс, өйткені толығымен ойдан тауып алынған жағдай болып табылады және де таза азаматтық-құқықтық сипатқа ие. Өйткені:

1) «Инженерлік қолдау» Құрылыс компаниясы» ЖШС және «ДК-Инвестмент» ЖШС арасында 2014 жылдың 20 наурызындағы шарт аясында бағалы қағаздарды сатып алу және сату туралы шарт жасасылды. Бұл шартқа сәйкес «Инженерлік қолдау» ЖШС «ДК-Инвестмент» ЖШС-нен алған 1,6 млрд теңге көлеміндегі ақшаға «Алматыметроқұрылыс» АҚ акцияларының 39%-ын сатып алу және жазбаша талап бойынша келешекте оларды «ДК-Инвестмент» ЖШС-не табыстау туралы міндеттемені қабылдады.

2) Ыдырысов Дінмұхаммед және «Алматыметроқұрылыс» АҚ  арасында 2014 жылдың 22 сәуірінде Қарыз туралы шарт жасасылып, оған сәйкес қазіргі таңда «Алматыметроқұрылыс» АҚ Ыдырысовқа 1,5 млрд теңге қарызды қайтарып беруге міндетті болып табылады.

Шындығына келгенде, «Инженерлік қолдау» ЖШС 2014 жылдың 20 наурызындағы бағалы қағаздарды сатып алу және сату шартына сәйкес «ДК-Инвестмент» ЖШС-ға (Д. Ыдырысовтың компаниясы) «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның 39% акциясын қабылдап алуға қатысты бірнеше мәрте өтініш жолдаған болатын. Алайда «ДК-Инвестмент» ЖШС 39% акцияны қосып алу туралы бұйрықты Бағалы қағаздар тіркеушісіне жіберу уақытын созып, осылайша акцияларды өз балансына қабылдамады. Осы деректерді айғақтайтын барлық құжаттар мен хаттар Д. Ыдырысовта және тергеуші Т. Қалиевта бар.

«Алматыметроқұрылыс» АҚ компаниясының 1,5 млрд теңге қарызды Ыдырысов Дінмұхаммедке қайтарып беруіне қатысты бұл Рейімовтың Ыдырысов алдындағы қарызы емес, керісінше «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның Ыдырысов алдындағы берешегі екендігін мәлімдеген болатын. Бұл берешек 2015 жылдың 30 маусымындағы Кепіл туралы шартпен толығымен қамтамасыз етілген. Оның үстіне, бұл қарызды қайтарып беруден бас тартпайды және оны өтеуге дайын. Ыдырысов Дінмұхаммед қарызды қайтарып алу үшін «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ға қарызды қайтарып алу туралы хатты жолдап, өз банк реквизиттерін көрсетуі ғана керек. Алайда Дінмұхаммед Ыдырысов «Инженерлік қолдау» ЖШС-ден «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның 39% акциясын алу туралы қалауын білдіріп отырған жоқ және «Алматыметроқұрылыс» АҚ-дан 1,5 млрд теңге көлеміндегі қарызды қайтарып беруді талап етіп отырған жоқ, оның орнына  толығымен ойдан тауып алынған және ешбір құжатпен расталмаған негіз бойынша «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның 80% акциясын Рейімовтан Алматы қаласы Полиция департаменті арқылы тартып алғысы келеді. Енді ол  «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның 100% акциясын көз салып отыр, делінген үндеуде.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары