$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.03.2021, 21:27
Жаңалықтар

Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда тұман түсіп, боран соғады

Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы 8 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

3 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Күндіз кей жерлерде бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары