Қызылордада өрттен зардап шеккен көпбалалы отбасы баспаналы болды
Отбасыға 1 айға жететін азық-түлік және мектеп құралдары берілді
Алғыс айту күнінде өрттен зардап шеккен қызылордалық Текебаевтар отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа қонысқа арнайы барды. Отбасыға 1 айға жететін азық-түлік және мектеп құралдары берілді. 6 бөлмелі жаңа үй демеушілердің ақшасына алынған.
Еске сала кетсек, Текебаевтар тұрған жалдамалы үй 18 ақпан күні өртеніп кетіп, бесіктегі сәби көз жұмған болатын. Ал анасы отпен арпалысып, денесін күйік шалса да, 4 қызын құтқарып қалған. Қазір ауруханадан шықты.
«Үйімізде болған жағдайды естіп, бәрі жұмылды. Осындай шаңыраққа аз уақытта кіремін деп ойлаған жоқпын. Халық болып көмектесті. Сол кісілерге мың алғыс», - деді қала тұрғыны Төрехан Текебаев.