ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Астанада әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылды

Себеттер жалғызбасты аналарға, көпбалалы отбасыларға табысталды

Фото: Astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Алғыс айту» күніне орай әрі егемендіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Игі істер марафоны» аясында «Magnum Cash&Cary» сауда орталығының қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға, сол сияқты «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне және Ауған соғысы ардагерлеріне азық-түлік себеттерін табыстады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бірлесіп, Magnum супермаркеттерінің қолдауымен «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшыларының арасындағы жалғызбасты аналарды, көпбалалы отбасыларды, Ауған соғысы ардагерлеріне, қаламыздың шалғай аудандарындағы жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін таратып қайттық», - дейді жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.