ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

СҚО-да балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысына рұқсат берілді

Облыста 1 наурыздан бастап карантин шектеулері жеңілдеді

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен 1 наурыздан бастап карантин шектеулері жеңілдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

СҚО бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым сақталып қалды. Жерлеу рәсімдеріне негізінен отбасы мүшелерінің ғана қатысуына рұқсат. Қоғамдық орындарда ара қашықтықты сақтап, маска кию міндеті де қалды. Сондай-ақ әсерлі іс-шараларды өткізуге, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойларды және басқа да көптеген адамдар жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Караоке, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, букмекерлік кеңселер, кальян-барлардың да қызметі уақытша тоқтатылған. Санитариялық талаптарды сақтай отыра, адам санын асырмай діни нысандар, кітапхана, мұражайлар, медициналық орталықтар, косметологиялық қызметтер көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар, білім беру, үйірмелер, фитнес залдары, бассейндер, жаттығу залдары, қоғамдық моншалар, сауналар жұмыс істей алады. Сауда, ойын-сауық, сауықтыру орталықтары, сауда үйлері, қоғамдық тамақтану орындары, түрлі базарлар да санитариялық талаптарды орындай отыра жұмыс істейді. Қоғамдық көліктің қызметіне, қатаң шектеу шаралары мен карантин енгізілген елді мекендерді қоспағанда, жолаушылар тасымалына қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың жүруіне рұқсат берілді. Қонақ үйлер, отельдер, курорттық ұйымдар, демалыс үйлері-орталықтар, туристік орталықтардың және театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдардың қызметіне рұқсат берілді.

Сондай-ақ 1-5 сынып оқушылары да штаттық режимде білім алмақ, ал колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін екінші семестрден күндіз оқуға рұқсат берілді. Бұдан былай толымдығы 30 %-дан аспайтын бильярд залдарының, 50 адамнан аспайтын балалар ойын-сауық орталықтарының, ойын алаңдары, жабық бөлмелердегі аттракциондардың және аквапарктің жұмысына рұқсат етілді.

Тегтер: