ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті

Жарыс санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілуде

Фото: Astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында «Қазақ күресінен» Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 180 спортшы қатысты.

Жарыстың бас төрешісі Болат Ақжігітов карантинге байланысты әр өңірден өз салмақтары бойынша бір-бір спортшы іріктеліп алынғанын айтты.

Чемпионатқа әр облыстан бір бір спортшы ғана жолдама алды. Жарыс барлық санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережесін сақтай отырып өткізілуде.  Жарысқа рейтингтен өткен, арнайы шақырылған үздік 20 төреші төрелік етті. 

Ел чемпионатының ұйымдастырушылары - Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Qazaq kuresi» қауымдастығы.

Тегтер: