Қарағанды және Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты қойылды
ИИДМ баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты шектеу қойылған автожолдарға қатысты жедел ақпаратты таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
28 ақпан сағат 20.30-да Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) келесі жолдарда көліктің барлық түрінің жүруіне шектеу қойылды:
1. «Екатеринбург-Алматы» 1457-1503-шақырымы, Қарағанды қаласының солтүстік-шығыс айналма жолы учаскесі;
2. «Қарағанды қаласына кіреберіс» 0-16-шақырымы.
«28 ақпан сағат 20.20-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ) «Самара-Шымкент» автожолының 776-965-шақырымында Улька-Қарабұтақ ауылдары учаскесінде қоғамдық көлік пен жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.