28.02.2021, 10:59
Жаңалықтар
Түркістанда 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Облыс әкімі өлім себебін анықтау жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Фото: ашық дереккөзден
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында 5 адамның қаза болу себебін анықтау жөніндегі комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Өңір басшысы Полиция департаментіне, Төтенше жағдайлар департаментіне жан-жақты тергеу жүргізуді, болған оқиғаға кінәлілерді табу және жазалауды тапсырды.
Бес адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Денсаулық сақтау басқармасының психологтар тобы қайтыс болған жандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсететін болады.
Марқұмдарды жерлеу орнына жеткізу үшін көлік ұйымдастырылып, жерлеуді ұйымдастыруға қосымша жәрдем көрсетілмек.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты