«Алтын доп»: Неге Ван Дейк емес?

Azattyq Rýhy
03.12.2019, 11:28

Өткен түні Парижде футбол үздіктерін анықтап, «Алтын допты» алтыншы мәрте аргентиналық Лионель Месси иеленді

Жыл сайын, яғни «Алтын доп» иесін тапқан күні футбол жанкүйерлерінің де базынасын жиі естиміз. Неге Месси емес? Неге Криштиану емес? Неге? Неге? Міне, сұрақтардың легі осылай жалғаса береді. Өйткені, «Алтын доп» иесіне қойылатын нақты критерий жоқ? Тіпті, бұл жүлдені тым субъективті деп қарастыратындар да бар.

Биыл «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси алтыншы мәрте «Алтын допты» алып, рекорд жасады. Бұған дейін мұндай көрсеткішке ешкім жетпеген. Ол «Ливерпульдің» қорғаушысы Вирджил ван Дейк пен шабуылшысы Садио Манені, сондай-ақ «Ювентус» сұрмергені Криштиану Роналдуды дауыс беру нәтижесінде басып озды. Үздік ондыққа «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах, «ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппе, «Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Бекер, «Бавария» сұрмергені Роберт Левандовский, «Манчестер Ситиден» Бернарду Силва мен Рияд Марез енді.

Қысқасы, былтыр УЕФА чемпиондар лигасын жеңіп алған «Ливерпуль» командасының төрт бірдей ойыншысы үздік ондыққа кірді.

Көпшілік «Неге «Алтын допты» Вирджил ван Дейкке бермеді?» деген пікірді айтады? Жалпы, соңғы рет (2006 жылы) «Алтын допты» алған қорғаушы Фабио Каннаваро болатын. Одан бері 13 жыл өте шықты, бірақ «Алтын доп» бірде-бір қорғаушыға, не қақпашыға бұйырған емес. Биыл да үздік 10-дыққа енген футболшылардың тізімінде Алиссон мен Ван Дейктен басқасы – кіл шабуыл шебіндегі ойыншылар. Ван Дейк - өткен маусымның үздік ойыншысы болуы мүмкін, ал Месси болса - соңғы 10 жылдағы кәміл шабуылшы. Жасы 32-ге келсе де бәсеңсу жоқ, әр матч сайын гол соғып, жанкүйеріне жеңіс сыйлап келеді. «Барселонаның» жеңісі мен Мессидің голы бір ұғымға айналды. «Барселонаның» соңғы жылдардағы сүреңсіз ойынына сызат түсірмей, каталониялық команданы жалғыз сүйреп жүрген ойыншы. Былтыр Ла лигада 36 гол соғып, «үздік» деген атаққа әбден лайық болды. «Барселона» тағы да чемпион болды. Бұл нәтижелі пастарын есептемегендегі көрсеткіш. Одан бөлек, 2018-2019 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының ең үздік сұрмергені (12 гол). Егер, жартылай финалдың қарымта матчы есепке алынбаса, Месси бастаған «Барселона» требл жасауға жақын тұрған еді.

Месси бір маусымда 54 гол соғып, командаластарына 23 нәтижелі пас үлестірген. Месси осы жылы жекелеген жүлденің бәріне ие болды. Ла лиганың ең үздік сұрмергені, ең үздік ассистент. Еуропа бойынша «Алтын бутсының» иесі, Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені, ФИФА тұжырымы бойынша үздік ойыншы. 

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
Студенттерге волонтерлік қызмет үшін қанша төленеді?
Британиядағы сайлауда Борис Джонсонның партиясы жеңіске жетті
Арменияда көлік сатып алған қазақстандықтарға жалған құжаттар беріліп келген

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат
Бүгін сайтымызда саясаттанушы Айдос Сарыммен болған сұхбат жарияланды
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді