Әлеуметтік желіде тараған Бас прокуратураның қаулысы – фейк

Бас прокурор бекіткен құқықтық актілердің мәтіндері ресми сайтта жарияланған

Әлеуметтік желіде тараған Бас прокуратураның қаулысы – фейк
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар Ресейде есепке қойылған машиналардың иелеріне ҚР аумағында бас сенімхатсыз жүруге тыйым салатын құжаттың суретімен бөлісуде. Бас прокуратура бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

«Желіде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бас сенімхатсыз ресейлік автокөлікті басқаруға тыйым салу туралы қаулысы туралы ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бас прокурор бекіткен құқықтық актілердің мәтіндері ресми сайтта жарияланған. Арандатушылыққа бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге ғана сенулеріңізді сұраймыз», – делінген ҚР Бас прокуратурасының ресми хабарламасында.

Фейк фотосуретке мұқият қарағанда, онда орта мектептің мөрі қойылғанын байқауға болады. Сондай-ақ, мәтінде құжаттың ҚР ІІМ ресми сайтында жарияланғаны айтылған, бірақ іс жүзінде ондай ештеңе жоқ.

Фейкті жасаған адам негізге алып отырған «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңда 60-бап жоқ – олардың саны 25 қана. Сондай-ақ, фейк мәтінінде грамматикалық және стилистикалық қателер көп. Ресми ақпаратқа ғана сенуге және фейк хабарламалар таратпауға шақырамыз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.