ШұғылКоронавирус вакцинасын салдырған қазақстандықтар саны 700 мыңға жуықтады

Ауа райы: Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды

Республиканың жеті өңірінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі

 

Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің 7 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

27 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

27 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстіктен, оңүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

27 ақпанда Қарағандыоблысының кей жерлерінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді. 27 ақпанда түнде кей жерлерінде 35-38 градус қатты аяз болады.

27-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз 27 ақпанда Ақмола облысының батысында бұрқасын болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

27 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.