$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2021, 12:08
Жаңалықтар

Тоқаев баламалы энергетика туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды

Сонымен қатар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды толыққанды институттарға айналдыру тапсырылды

Тоқаев баламалы энергетика туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке баламалы энергетиканы дамыту мәселелері бойынша жаңа заң әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Баламалы энергетиканы дамыту мәселелері бойынша жаңа заң әзірлеу талап етіледі. Онда жаңартылатын энергия көздерін ғана емес, барлық балама энергия көздерін реттеудің тәсілдері мен нормаларын да көрсету керек», - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстандағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысын ашық етуді тапсырды.

«Өңірлердің әлеуетін арттыру мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрылды. Мұндай құрылымдар қазір барлық өңірде және республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды толыққанды институттарға айналдыратын кез келді. Аймақтық корпорациялардың жұмысы ашық және қоғамның толық бақылауында болуы керек. Бұл ретте Ұлттық экономика министрлігінің құзыретін күшейту қажет», - деді Президент.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтіп жатыр.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары