25.02.2021, 11:21
Жаңалықтар
Қазақстанға шетелден ұшып келген 422 жолаушының ПТР анықтамасы болмаған
Олардан COVID-19-ға тест алынып, карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде
Фото: ашық дереккөзден
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 24 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді.
1 506 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 222 адам, анықтамасыз 284 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 838 жолаушы, анықтамамен - 802, анықтамасыз - 36;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 530 жолаушы, анықтамамен - 282; анықтамасыз - 248;
- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 3 жолаушы анықтамамен келген;
- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 81 жолаушы анықтамамен келген;
- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 54 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Көп оқылған
28.07.2026, 10:39
«Анасындай қамқорлық көрсетті»: балабақшадағы тәрбиешінің мейірімі көпшіліктің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)
28.07.2026, 16:56
Қазақтың көк туы мен Шавкат Рахмоновтың шапаны әсер етті: француз қызы қазақ тілін аз уақытта меңгеріп алған
28.07.2026, 13:16
Іш киіммен эфирге шығып, боқтық сөздер айтқан: Қазақстанда 9 стример темір қапасқа қамалды (ВИДЕО)
28.07.2026, 12:27
«Сізден басқасының бәрі кінәлі»: Бектенов Үкімет отырысында Сұлтанғазиевті қатаң сынға алды
28.07.2026, 12:48
Шымкент әуежайында ұшақ қаққан ит емес, шибөрі болып шықты