25.02.2021, 10:58
Жаңалықтар
Қазақстанда зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды
Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады
Фотоколлаж
Бүгіннен бастап елімізде біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады.
Біржолғы зейнетақы жинағын мынадай медициналық қызметтерге пайдалануға болады:
- - дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, орфандық сырқаттарды емдеу. Сондай-ақ емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеу;
- - Қазақстан Репсубликасының аумағында орналасқан медицина мекемелері көрсететін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация);
- - операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық);
- - радионуклидтік және радиойодтерапия;
- - радиохирургиялық емдеу;
- - протон терапиясы;
- - офтальмологиялық қызметтер.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді