$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2021, 02:36
Жаңалықтар

Ақмола облысында автожолдарды тиісті деңгейде ұстамағандар жауапқа тартылды

Жол бойындағы тар әрі қауіпті жерлерді жою бойынша 188 нұсқама жолданды

 

Ақмола облысында автожолдарды тиісті деңгейде ұстамағандар жауапқа тартылды

Ақмола полицейлері автожолдарды тиісті деңгейде ұстамағаны үшін жыл басынан бері 24-тен астам лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімшілік полиция басқармасы қысқы кезеңде жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік деңгейін және қорғалу дәрежесін арттыру мақсатында жол-техникалық қадағалау жөніндегі қызметті күшейтті.

«Жыл сайын тәртіп сақшылары автомобиль жолдары мен ондағы жол құрылыстарына комиссиялық маусымдық тексеру жүргізеді. Жол ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, жол ұйымдарының қысқы күтіп-ұстауға нақты дайындығы тексерілді. Нәтижесінде 138 бірлік қар жинайтын техниканың техникалық жай-күйін тексерді, оның ішінде пайдалануға дайын жарамды техниканың нақты саны - 125 бірлік», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, жол жағдайлары бойынша жол-көлік оқиғаларына жол бермеу үшін әкімшілік полиция басқармасының аумақтық қызметкерлері жол-коммуналдық қызметтермен бірлесіп 188 тексеру жүргізді, жол және коммуналдық қызметтердегі кемшіліктерді жою үшін, оның ішінде тар, қауіпті жерлерді жою бойынша 188 нұсқама жолданды.

Сондай-ақ проблемалық мәселелердің бірі - аудандық маңызы бар жолдарды қысқы күтіп ұстау. Осы бөлікте аудандардың жергілікті атқарушы органдары осы проблемаларды шешу үшін тиісті іс-шаралар ұйымдастыруы тиіс.

Серіктес жаңалықтары