Алматыда «Әлем барысы» әлем чемпионаты басталды

Azattyq Rýhy
02.12.2019, 13:44

Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған Қазақ күресінен абсолюттік «Әлем барысы» әлем чемпионаты басталды

Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған Қазақ күресінен абсолюттік «Әлем барысы» әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіліп жатқан чемпионаттың дәл қазіргі уақытта жеребе тарту рәсімі өтіп жатыр. Төртінші рет өтетін бәсекеге 30 елден 33 балуан қатысады. «Әлем барысы» атануға АҚШ, Аустралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения,Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Жапония секілді елдердің және Қазақстанның атақты балуандары келген.

Бұл сында еліміздің намысын А.Нұғымаров (ШҚО), Р.Әбдіразақов (Алматы қаласы), М.Исағабылов (Қызылорда облысы), Н.Жарылғапов (Маңғыстау облысы) сынды балуандар қорғайды.

Чемпионат Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын дамыту, шет елдерде қазақ күресін дамыту барысындағы ынтымақтастық пен өзара байланысын нығайту, қазақ күресін халықаралық деңгейде одан әрі жетілдіру, насихаттау және беделін көтеру, қазақ күресінен «Әлем барысын» анықтау мақсатын жүзеге асырады.

«Әлем барысы» чемпионатының биылғы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаз атанған балуанға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орын иегеріне 6 млн теңге және үшінші орын иегеріне 3 млн теңге, сәйкесінше, күміс және қола белбеулермен марапатталады. Ал «Жеңіске деген жігері үшін» атанған спортшыға 1 млн теңге беріледі. Сондай-ақ, жылдағы дәстүрге сай жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
Тоқаев барлық студенттің шәкіртақысын 25 пайызға өсірді
Тоқаев жас бизнесмендерді қолдау үшін бюджеттен қосымша 5 млрд теңге бөледі
«Спорт емес саясат»: Владимир Путин WADA шешіміне қатысты пікір білдірді

Сұхбат
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді
«Абайдың 45 сұрағына» Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова жауап берді
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған