21.02.2021, 11:47
Жаңалықтар
Қанат Ислам эквадорлық боксшыны жеңді
Алғашқы секундтан бастап 36 жастағы қазақстандық басымдық танытты
Фото: Vesti.kz©
Тәжірибелі қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) өзінің кәсіби рингтегі кезекті жекпе-жегінде Майамиде (Флорида, АҚШ) 27 жастағы эквадорлық Джейсон Миндамен (14-2-1, 8 КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы секундтан бастап 36 жастағы қазақстандық басымдық танытты. Төртінші раундта Қанат Ислам эквадорлықты бірінші рет нокдаунға жіберді. Раунд өткен сайын Қанат қарсыласын тығырыққа тіреді. Жетінші раунда Минданың кезекті нокдаунынан кейін, төреші жекпе-жекті тоқтатып, жерлесіміздің жеңісін тіркеді.
Осылайша, Қанат Ислам 28-ші жекпе-жегінде 28-ші рет жеңіске жетті. Оның 22-сінде қарсыластарын нокаутқа жіберді.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды