21.02.2021, 10:13
Жаңалықтар
Қазақстанда тағы бір облыс «сары» аймақтан шықты – ДСМ
21 ақпанға арналған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 21 ақпанда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, елімізде тағы бір облыс «сары» аймақтан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сонымен, бүгінгі матрица бойынша атап айтсақ:
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.
Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.
Ал бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы «сары» аймақта тұрған өңірлердің қатарында болатын.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 766 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 207 418 адамға жетті.

Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды