$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.02.2021, 10:39
Жаңалықтар

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 6 адам көз жұмды

Қазіргі уақытта КВИ-ге шалдыққан 237 адамның жағдайы ауыр

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 6 адам көз жұмды
Көрнекі сурет

Денсаулық сақтау министрлігі 21 ақпандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік мәліметі бойынша, 21 417 адам короновирус инфекциясынан (13 627 КВИ+ және 7 790 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 776 пациент стационарда, 16 641 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 237 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке сүйенсек, 2021 жылғы 19 ақпандағы мәлімет бойынша 38 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 234 адам жазылып шыққан.

Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 48 970;

өлім жағдайлары – 610;

барлығы 40 570 адам емделіп шықты.

 

Серіктес жаңалықтары