Атырау облысында шекарадағы ауылдар жарықты Ресейден алады
Бұл ауылдарға әлі күнге дейін қазақстандық электр желісі тартылмаған

Атырау облысының шекараны бойлай қоныстанған ауылдары жарықты Ресейден алады. Облыс орталығынан 600, аудан орталығынан 300 шақырым шалғай жатқан ауылдарға әлі күнге дейін қазақстандық электр желісі тартылмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Экспорттық қуатқа тәуелді ауданды қамту үшін Атырау-Жарық мекемесі Ресейден алған электр энергиясының тарифын сатып алу құнынан 5 жарым есе төмен ұстап келген еді. Қосымша шығын мұнай компаниялары мен ірі кәсіпорындар есебінен жабылатын. Алайда қаңтар айынан бастап Атырау жылу қуат орталығы пайдаланатын табиғи газдың тасымал құны екі есе өсті. Осыған орай электр мен жылудың тарифы да өзгеруі мүмкін. Ресейдің Волгаград ГЭС-інен шығатын электр қуаты алдымен «Сүйіндік» электр тарату бекетіне келеді. Осы арадан басқа ауылдарға бөлінеді.
«110 мың кВольтты 8 елді мекенге таратып отырамыз. Балқұдыққа 35 киловольт, 110 киловольт Асанға. Барлық елді мекендергеә уақытылы ток жетіп тұр. Ондай апаттық жағдай алдыңғы жылдары болды, биыл жақсы бәрі де», - деді топтық электр желісінің шебері Досмұқан Иманғалиев.
Ол алдымен ішкі электр желілеріне үнемі жөндеу жұмыстарының жүргізілуінің нәтижесі. Әйтпесе бұл желілердің тартылғанына 40 жылдан асқан. Яғни үнемі жамап-жасқауды қажет етеді.