ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қарағанды облысында карантин талаптары жеңілдеді

Демалыс күндері қалааралық автобустардың жұмысы қайта жанданады

Фото: ustinka.kz

Қарағанды облысында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты 20 ақпаннан бастап бірқатар карантин талаптары жеңілдетіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Сенбіден бастап монша, аквапарк, СПА салондары, жабық базарлар мен аумағы 2000 мың шаршы метрден асатын сауда-ойын орталықтары және ірі дүкендердің жұмысына рұқсат берілді. Демалыс күндері қалааралық автобустардың жұмысы қайта жанданады.

Банк, пошта, нотариус, ломбард, бизнес-орталық секілді нысандардың жұмысына ешқандай шектеу қойылмайды. Мешіттерде де жамағатпен құлшылық жасауға рұқсат берілді, бірақ халық саны 30%-тен аспауы керек. Театр, кітапхана, музей, кинотеатрларға да осындай талап қойылған. Дегенмен, әлі де халықтың жиын-тойлар өткізуіне рұқсат жоқ. Бильярд, боулинг, компьютер және түнгі клубтардың да есігі жабық.