Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында да ескерту жарияланды
Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
19-20 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерде қар қатты жауатыны болжанады. Ауа температурасы 2-7 градус жылы, кей жерлерде 2-7 градус аяздан 15-20, 20-25 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жекелеген аумақтарда тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді. Ауа температурасы 2 градус аяз -3 градус жылы, кей жерлерде 9-14 градустан 16-21 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тұман, бұрқасын, көктайғақ болжанады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы 1-3 градус жылыдан 15-17 градус аязға дейін күрт төмендейді және одан ары төмендеуі күтіледі.
Алматы облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 19-20 ақпанда тұман күтіледі. 20 ақпанда кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Қызылорда облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Ауа температурасы 12-17, солтүстікте 5, оңтүстікте 20 градус жылыдан 10 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Сондай-ақ тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 19-20 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.
Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, күндіз 20 ақпанда таулы аймақтарда қатты қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. 20 ақпанда тәулік бойы желдің күші 15-20 м/с, 19 ақпанда облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с артады. Таулы аймақтарда 30 м/с және одан жоғары жылдамдықта жел тұрады.
Қарағанды облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с, 23-28 м/с дейін артады.
Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болжанады. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, кей жерлерде қатты қар күтіледі. Сонымен қатар, қар, тұман, бұрқасын болады. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 23-28 м/с артады.